Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Алматыдағы кездесуде мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықпен қатар, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, бірлескен қазақ-қырғыз инвестициялық қоры жұмысының бағыттары да қаралды.
Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара ықпалдастықтың негізгі жолдарын талқылады.
Қазақстан Президенті мұндай келіссөздердің алдағы уақытта екі елдің экономикалық дамуына ықпал ететін маңыздылығын атап өтті.
– Екіжақты тауар айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 41%-ға өсіп, 1 миллиард доллардан асты. Қазақстан тәуелсіздік жылдары Қырғызстан экономикасына 1 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Алда әлі де көп жұмыс бар. Біз мемлекетаралық комиссияны және Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысын өткізуіміз керек. Осыған байланысты ынтымақтастығымыздың барлық бағытын талқылауға дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.
Қырғыз Республикасының Президенті кездесу үшін алғысын білдіре келе, Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде де, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер тұрғысынан да Орталық Азиядағы жетекші ел екенін атап көрсетті.
– Кездесулеріміз кезінде мен әрдайым өзім үшін пайдалыны ойға түйемін және Сізден әрқашан көп нәрсені үйренуге болатынын айтқым келеді, – деді А.Атамбаев.
Тараптар өңірдегі қауіпсіздіктің жай-күйі мен халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары жөнінде де пікір алмасты.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51
Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты
Заң • Бүгін, 14:50
«Құдайдан кешірім сұрағым келді»: Сәрсемәлиев сотта күтпеген мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 14:40
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Жаздың соңына дейін ҚТЖ пойыздарында интернет пайда болады
Қоғам • Бүгін, 14:18
Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02