Сұрапыл соғыс жылдарында да, Төтенше жағдайлар кезінде де ақпаратты дәлме дәл жеткізудің үлгісі болып табылатын радионың интернет дәуіріндегі қажеттілігі, радио журналистерді дайындаудың маңыздылығына қатысты мамандар пікірлерімен бөлісіп, шеберлік сағаттары өтті.
Радионың жер жүзінде пайда болуы көптеген шетелдік ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Ал қазақ даласында радио үнінің таралуы өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басынан бастау алады. Өткен жылы қазақ радиосының 100 жылдығы атап өтілді. Бүгінде адамзатты ақпаратпен қамтамасыз етуде тарихи дәуірлерді өткерген радио хабарлар тарату өндірісі интернет кезеңінің қарама-қайшылықтарымен бетпе-бет келуде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі білім алушы жастар мен тәжірибелі журналистер үшін медиа-диалог алаңы болып табылады. Биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО тақырыбын қолдай отырып, Дүниежүзілік радио күнін «Радио және сенім» тақырыбымен атап өтті.
Цифрлы радиотехнологияларды қолдану бойынша жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды алу, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары – бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар мақсатын жариялауда жаңа технологиялар мен әдістерді үйрену, интернет және цифрлы сауаттылық мәселелері бойынша жаңа дағдылар мен құзіреттілікті үйрену, сонымен бірге радиожурналистика туралы білімді кеңейту сияқты ауқымды тақырыптарды қамтыған конференция барысында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Радионың замануи қоғамдағы рөлі, ақпартты жедел жеткізетін мобильді қызметі тұрғысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мадиев, БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық бюросының басшысы, Алтай мемлекеттік университетінен филология ғылымдарының докторы Елена Васильевна Лукашевич, профессор, Өзбекстан Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің профессоры Патима Муминова, Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық Басқармасының басшысы Алмаша Аренова, ЮНЕСКО халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының доценті Александр Рожков, PhD, ғылыми кеңесші Рафис Абазов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева, ҚазҰУ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің Farabi media сутудиясының бас сарапшысы Бахыт Құрманбеков, т.б. ғалымдар қатысты.
Қазақстан, Ауғанстан, Қытай, Ресей, Өзбекстаннан қатысқан ғалымдар, сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар, докторанттар және де БАҚ өкілдері үшін бұл жиын радиожурналистика, цифрлы технологиялар өрісін кеңейту мүмкіндіктеріне қатысты ақпарат алуға мүмкіндік берді.