Тәртіп сақшыларына қала тұрғыны үйдің 9 қабатынан 21 жастағы бойжеткеннің секіріп кеткенін хабарлаған. Кейін биіктен секірген қыздың жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде қайтыс болғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша Затон полиция бөлімі ҚР ҚК 105 бабының 1 бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.