Оқиға • 19 Ақпан, 2022

Тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелке таратқан адам ұсталды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелкелер таратқан адам ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелке таратқан адам ұсталды

«6 қаңтарға қараған түні сағат 20.00-де Тараз қаласындағы Қазыбек би көшесінде сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігі тұрған. Автокөліктегі адамдар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, жүксалғышқа салып қойған. Көлік жүргізушісі жанғыш қоспасы бар бес литрлік ыдыс алып келіп, бөтелкелерге құйып, митингіге шыққандарға таратқан», деді полиция өкілдері.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы 4-бөлігі бойынша (Терроризм акті) соталды тергеу жүріп жатыр. 

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер 44 жастағы тұрғынды ұстаған. Ол Алматы облысының бұрын сотталған тұрғыны. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.