Аймақтар • 19 Ақпан, 2022

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жол апаты болып, 15, 13 және 1 жастағы балалар көлік ішінде жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды

Бүгін Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында жол апаты болды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «LADA Largus» көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу кезінде жол ережесін сақтамай, салдарынан «DAF» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Кейін жолдың оң жағына қарай аударылған.

«Көлік аударылғанда әкесі терезеден ұшып кеткен. Ал көлік жанып кетті. Салдарынан 2007, 2009 және 2021 жылдары туған балалар көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жүргізуші жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

1

 

Соңғы жаңалықтар