Спорт • 20 Ақпан, 2022

Қазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирде үш медаль алды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израильде өткен дзюдодан халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық дзюдошылар халықаралық турнирде үш медаль алды

Қазақстан құрамасы Израиль астанасы Тель-Авив қаласында 17-19 ақпан аралығында өткен әлемдік «Grand Slam» жарысында бақ сынады.

Онда қазақстандық балуандар бір күміс және екі қола медаль еншіледі. Ел құрамасынан 60 келіге дейінгі салмақта Бауыржан Нарбаев күміс жүлде иеленсе, Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Жансай Смағұлов (73 келі) қола медальға қол жеткізді.