Қысқы спорт • 20 Ақпан, 2022

Бүгін Бейжің Олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтеді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Бейжің Олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтеді

Бұл шараны Qazaqstan, Qazsport және Хабар телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 17:20-да басталады.

Айта кетейік, Бейжіңде өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 91 елінен келген 4 мыңға жуық спортшы қатысты. 91 елдің ішінде 29 мемлекеттің өкілдері жеңіс тұғырыннан көрінді.

Қысқы Олимпиадада 109 медаль жиынтығы сарапқа салынды.