БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 20 ақпан күні түсте Шыңғырлау ауданы аумағында болды. Сағат 12.58-де Ақтау ауылы маңында үш автокөлік батып, қар құрсауынан шыға алмаған.
Оқиға орнына №23 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері мен қатар «Ернар» шаруа қожалығынан 2 адам 1 техникамен барып, қолұшын созды. Адамдар мен үш автокөлік Шыңғырлау ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. 12 адам құтқарылса, соның жетеуі – балалар.