27 Наурыз, 2014

Жоғары баға

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Гаагадағы ІІІ Жаһандық ядро­лық қауіпсіздік саммиті біз­дің дәуіріміздің тағдыршешті мәсе­лелерін арқау еткен тарихи бас­қосу екендігі дау­сыз. Мұндай форум­дарда елеусіз ештеңе болмайды. Ел газеті «Егемен Қазақстан» жиын қорытындысына арналған нөмірінің төрінде мемлекет басшыларының емен-жарқын суретін жариялауы, оның алдыңғы сапында біздің Президенттің тұруы айрықша маңызды деп білемін. Бұл – бүкіл әлем тарапынан Елбасымыздың жарқын бастамаларына, еліміздің бейбітшіл саясатына, біздегі тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге берілген жоғары баға. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамалары батылдыққа, тереңдікке құрылған. Нұрсұлтан Әбішұлы бұрынғы КСРО мемлекеттері басшылары арасында бірінші болып ядролық қаруды жою және Орталық Азияда одан азат аймақ құру туралы үндеу тас­тады. Сол кездегі қолда бар қуат Ұлыбритания, Франция және Қытай мемлекеттерінің арсеналын бірге қосқаннан да көп еді. Президенттің көреген саяса­ты оның саммитте сөйлеген сөз­де­рінің нақтылығымен, баста­­­ма­шылық екпінімен даралан­ды. «Біз жаһандық ядролық қауіп­­­сіз­дікті нығайту ісіне тұрақты түрде үлес қосып келеміз және бұ­дан әрі келесі бағыттарды іске асы­руға күш салу керек деп санаймыз: Біріншіден, толық және жаппай ядролық қарусыздануға қол жеткізу – ядролық қауіпсіздікке кепілдік беретін бірден-бір амал деп есептейміз. Екіншіден, ядро­лық терроризмді және оның не­гіз­­­дерін түп-тамырымен жою ке­йін­­ге қалдыруға болмайтын мін­­деттердің қатарына жатады», деген сөздер жер жүзі тұрғын­­­дары­­ның жүрегімен айтылды деп ойлай­мын. Сонымен бірге, Қазақстан бас­шысының бейбіт ядролық бағ­­дарламаларды қолдауы, ядро­лық қару­дан азат жаңа аймақ­тар­дың құрылуы, оған қатысушы ел­дер­дің тыныштығына қауіп­сіз­дік ке­пілдігінің берілуі туралы ұсы­ныстары ел беделін асыра түседі. Елбасымыз атап көрсеткендей, Гаага саммиті жаһандық қауіп­сіз­діктің дағдарысы тұсында өткізілгені белгілі. Соған байланысты, ядролық державалардың өзіне қабылдаған міндеттемелерін кешенді түрде мүлтіксіз орындауы аса маңызды болмақ. Бұл орайда, Президентіміздің осыдан екі жыл бұрынғы G-Global бастамасын әлемнің 190 елі қолдап отырғандығы Қазақстанның жа­һандық беделі мен жауапкер­шілі­гінің артқандығын көрсетеді. Ардақ ҚАПЫШЕВ, А.Мырзахметов атындағы университеттің халықаралық қатынастар және тарих кафедрасының меңгерушісі. КӨКШЕТАУ.