Қоғам • 21 Ақпан, 2022

Мақсатымыз – әділетті қоғам

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Қазақстан, бұл – нақты әлеуметтік бағдарланған мемлекет. Бұл олигархиясыз, көлеңкелі экономикасыз және сыбайлас жемқорлық жоқ мемлекет.

Мақсатымыз –  әділетті қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық телеар­наға берген сұхбаты­нда Жаңа Қазақстанды құру жолын­дағы негізгі міндеттерді қозғады. Соның ішінде әділетті қоғам құру қажеттілігі өте маңызды.

Егер көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық болмаса, онда біз әділ және адал мемле­кет бола аламыз. Бюджет те жөнімен жұмсалады, ал бұл де­гені­міз – әлеуметтік даму­дың бел­гісі. Мен үшін Жаңа Қазақстан – әді­л­етті сот және кез келген аза­мат­тың мүд­десін қорғайтын құқық жүйесі. Бүгінгі құқықтық жүйе­дегі қор­қы­ныштан арылу керек. Яғни билік пен халықтың өзара жауапкершілігі болуы керек.

Жаңа Қазақстан – әр азамат­тың проблемасына мән беретін мемлекет. Сол сияқты азаматтар да заң талабы мен құқықты сақтауға тиіс. Сонда ғана әділетті қоғам мен тиімді мемлекет болады. Нақтысы осы. Дамимын деген мемлекет үшін әділетті қоғам, теңдік және адам құқығының сақталуы маңызды. Ал мемлекет ел игілігі үшін тиімді жұмыс істеуге тиіс. Сондай-ақ елімізде сапалы білім мен әлеуметтік медицина халықтың игілігіне қызмет етуі керек.

 

Марат БӘШІМОВ,

Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры