Қазақстан • 21 Ақпан, 2022

Жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру қажет

376 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен ұрыс қабілетін арттыруды заңнамалық қамтамасыз ету, проблемаларды анықтау және оларды шешу мәселелері бойынша Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру қажет

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен өткен кездесуде ол Президенттің жыл басында берген тапсырмаларын уақтылы және сапалы заңнамалық қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов берілген тапсырманы іске асыру барысы туралы депутаттарға айтып берді. Ол терроризмге қарсы операцияларды жүргізу және дағдарыстық жағдайларды басқарудың бірыңғай орталығын құру кезінде лауазымды тұлғалардың іс-қимылдарын заңнамалық деңгейде реттеу қажеттігі туралы айтты. Жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттыруға, әскерге шақырылатын жастар мен әскери қызметшілерді тәрбиелеуде жаңа тәсілдер мен стандарттарды қолдануға байланысты шараларға ерекше назар аударды.

Сенатор Сергей Ершов өз сөзінде әрбір мем­лекеттік органның рөлін, мін­деттері мен функцияларын ай­қын­дай отырып, азаматтарды әске­ри-пат­риоттық тәрбиелеуді ұйымдас­тыру қажеттігін атап өтті. Ол сон­дай-ақ Қарулы Күштердің жауынгер­лік және жұмылдыру дайындығын қажет­ті деңгейде ұстап тұру, күш құры­лым­дары арасындағы тиімді үйлесті­руді қамтамасыз ету жөніндегі нормалар­дың өзара байланысы тұрғысында заңнамалық базаны жүйелеудің маңыздылығын сөз етті.

Кездесу барысында парламент­ші­лер қорғаныс шығыстарын қар­жы­­лан­дыруға, сондай-ақ әскери ұжымдар­дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мылға қатысты мәселелерді де көтер­ді. Сенаттың салалық комите­ті­нің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхам­мед кездесуді қорытындылай келіп мүд­делі мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен жекелеген ұсы­ныстарды, оның ішінде әскерге шақыру мәсе­лелерін шешуге, мерзімді әскери қызмет өткеруді ынталандыруға бағытталған ұсыныстарды келісудің маңыздылығын айтты.