«19 ақпанда сағат 07:20-да Космонавттар көшесінде Daihatsu Terios автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі 1948 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі», деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полицияның хабарлауынша, 33 жастағы жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.