Футбол • 21 Ақпан, 2022

Гарет Бэйл «Реалдан» кетеді

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниялық «Реал» футбол клубының шабуылшысы Гарет Бэйл осы жазда командадан кететін болды, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Гарет Бэйл «Реалдан» кетеді

Соңғы деректерге сенсек, футболшы командадан кету туралы нақты шешім қабылдаған. Бүгінгі таңда Ұлыбританияның және АҚШ-тың бірнеше командасы футболшыны қатарына қосуға ниеттеніп отыр. Осы маусымда төрт мәрте алаңға шыққан Бэйл бір ғана гол соққаны мәлім. Бұған дейін футболшы кәсіби мансабын ұлыбританиялық «Тоттенхэм» командасы сапында аяқтағысы келетінін мәлімдеген болатын.