Әлем • 21 Ақпан, 2022

Иранда әскери ұшақ апатқа ұшырады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі күні елдің солтүстік-батысындағы Тебриз қаласының аумағында Иранның әскери-әуе күштерінің ұшағы құлады, деп хабарлайды Egemen.kz IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

Иранда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Шығыс Әзербайжан провинциясының Дағдарыстық жағдайлары басқару басқармасының басшысы Мухаммад Багер Хонарбар ұшақтың автокөлік пен мектеп ғимаратының қабырғасына соғылғанын мәлімдеді.

Оқиға кезінде мектепке оқушылар болмаған. F-5 жойғыш ұшағы жабық тұрған мектеп пен спорт залдың жанына құлаған. Апат салдарынан екі ұшқыш пен автокөлік ішінде болған азамат мерт болды. Ұшақ Тебриздегі Шахид Факури базасынан ұшқан.

Шахида Факури әуе базасының командирі, генерал Реза Юсефидің айтуынша, ұшқыш ұшақты адам жоқ жерге қарай бұрып, үлкен трагедияның алдын алған.

«Біздің ұшқыштар ұшақтың бағытын адам жоқ жерге қарай бұрды. Ұшақ өзінің тиісті орнына құлағанда, олар өздерін аман алып қала алар еді», деп қосты ол.

Жойғыш ұшақ жаттығу миссиясы кезінде жоғалып кеткен, техникалық ақаулар салдарынан ұшқыш оны қондыра алмаған.

Қазіргі кезде апат орнына құтқарушылар жіберілді, тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024