Қоғам • 21 Ақпан, 2022

Қаңтар оқиғасы: 12 мыңнан аса адамнан жауап алынды

3159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: 12 мыңнан аса адамнан жауап алынды

Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғаларын тергеу мен елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта Ішкі істер органдары тергеушілерінің қарауында 2729 қылмыс іс бар, олар бойынша 255 адам күзетпен ұсталған.

«Сонымен бірге жасаған әрекетінің ауырлығын, жеке басының мінездемесін еске отырып, соттар 140 адамға қоғамнан алшақтатуға байланысты емес бұлтартпау шараларын тағайындады: үйқамақ - 62, кепіл - 33, ешқайда шықпау туралы қолхат - 45. Бұрын аталғандай қылмыстық істердің негізгі бөлігі келесі қылмыстар бойынша тергелуде: ұрлық - 1 844, қарудың заңсыз айналымы - 343, мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою – 144», деді Санжар Әділов.

Сондай-ақ қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалар жәбірленуші деп танылған. 

«12 мыңнан астам адамнан жауап алынған, 2 мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеудің сапасына және оның жедел аяқталуы ерекше назарға алынған», деді ол.