
«Хамзат Чимаевпен салыстыра беретіндер жүйкеге тиеді. Мен Хамзат емес, Шавқатпын. Екеуміз қай кезде октагонда кездесуіміз мүмкін? Осы сауалды маған қайта-қайта жолдайтындардың санында есеп жоқ. Барлығын уақыт көрсетеді ғой. Дәл қазір осы сауал мені әбден титықтатып бітті», деді отандасымыз өз ойымен бөлісіп.