27 Наурыз, 2014

Уақыт дәлелдеген сенім

372 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
логотип-ЛИАЦБалалар тағамын тегін алуға кімдердің құқығы бар екендігін білуге бола ма? Балалар тағамын беру қандай белгілер бойынша анықталады? Жүкті әйелдерге тегін препараттар беріле ме? Қант диабетінде, гепатитте, бронх демікпесінде, артериялық гипертензияда қандай тегін дәрілер жаздырылып беріледі? Балалар үшін қандай дәрілік препараттарды және қандай ауруларда тегін алуға болады? Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығының (ДАТО) Call-қызметінің телефонына халықтан күн сайын осы және басқа да сұрақтар үздіксіз түседі. images (3)Осымен 5 жыл бойы ДАТО мамандары халыққа және медицина қызметкерлеріне дәрілік заттарды дұрыс пайдалану және олардың әсері туралы, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін препараттарға азаматтардың құқығы туралы шынайы ақпарат беріп келеді. Әрбір адам ТМККК шеңберінде медициналық көмек алуға өз құқығын білуі тиіс. Мысалы, егер азамат диспан­серлік есепте тұрған болса, онда ол дәрігердің рецептімен дәріханадан дәрілік заттарды тегін ала алады. Бұл ретте дәрілік заттардың тізімі үнемі жаңартылып және жетілдіріліп тұрады. Осылайша, өткен жылдың желтоқсан айында тізімге тиімділігі дәлелденген препараттар қосылды. загруженноеСондай-ақ, тегін препараттар алуға құқылы халық санаты кеңейтілді. Қант диабеті, өкпенің қабынуы (0-ден 18 жасқа дейінгі балалар енгізілген), бронх демікпесі (18 жасқа дейінгі балалар енгізілген) сияқты аурулары бар азаматтар тегін дәрілік заттарды алуға құқылы. Қант диабеті, өкпенің қабынуы, бронх демікпесі сияқты аурулары бар азаматтар тегін дәрілік заттар алуға құқылы. ДАТО «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Халықаралық қайта құру және даму банкімен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен құрылған. Бүгінгі таңда ДАТО Астана қаласында негізделген және рес­публиканың барлық өңірлерінде 15 аймақтық бөлімдері бар. ДАТО басшысы Айсұлу Ахимова, Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығының басты миссиясы барлық ден­саулық сақтау жүйесінің миссиясына сәйкес келетіндігін атап өтті. Бұл дегеніміз, орталықтың негізгі миссиясы – халықтың денсаулығын жақсарту. Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – емдеудің халықаралық стандарттарына негізделген, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану туралы ақи­қат ақпаратты халыққа және медицина жұртшылығына жеткізу. Біздің орталықтың жұмысы жайлы қазақстандықтар да, шетел мамандары да жағымды пікірлер айтуда. 2013 жылғы мамыр айында Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшысы, доктор Андрес Зайтер, Қазақстандағы ДАТО жұмысын жоғары бағалады. Ол «Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығы және оның жалпы ұлттық тегін Саll-қызметі халықты ақпараттандыруда біршама жетістіктерге жетті… Бұл орталықтың құрылған кезеңінен бастап жүргізген көрнекті жұмыстардың нәтижесі екенін дәлелдейді...», деді сарапшы. Халықтың дәрілік сауатын көтеру мақсатында 2011 жылдан бастап халыққа арналған бірыңғай телефон желісінің – 8 800 080 88 87 құрылғанын естеріңізге саламыз. Қазақстан бойынша кез келген стационар телефоннан қоңырау шалу тегін. Халыққа ыңғайлы болуы үшін ДАТО-ның Call-қызметінің тікелей телефондары Қазақстанның барлық қалаларында қолжетімді. Бұл дегеніміз, егер Сіз қалада немесе жекелеген ауданда тұратын болсаңыз, онда біздің нөмірімізді алу үшін қалааралық байланыс кодын терудің қажеті жоқ. Жай ғана 8 800 080 88 87 нөмірін тересіз. Call-қызметіне хабарласып Сіз дәрілік заттарды дұрыс пайдалану туралы, тегін дәрімен қамтамасыз етуге әрбір адамның құқығы және болуы мүмкін жанама әсерлер туралы толық және шынайы ақпарат аласыз. Халықтың ДАТО мамандарына деген сенімі артып келеді. Осылайша, 2012 жылмен салыстырғанда халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны 1,2 есе өсті, көпшілік арасында дәрілік заттар туралы шынайы ақпарат алуға сұраныстың көбеюі осыған дәлел болады. Қазіргі таңда ДАТО ақпараттың зор ағымын БАҚ-та жариялайды. Тек 2014 жылдың ағымдағы кезеңінде ДАТО мерзімді басылымдарда 200-ден астам жария­ланымды жарыққа шығарды. Біздің мамандарымыз телеарналар мен радиолардың түрлі бағдаламаларына бірнеше рет қатысты. Бір өкініштісі, адамдардың дені өз денсаулықтарына көңіл бөлу және нығайтуды маңызды деп санамайды. Рим философы Сенека айтқандай: «Сауығудың бір амалы – оған деген ықылас. Егер Сіздің ықыласыңыз әрекеттеріңізден көрінбесе, онда дәрігердің жұмсаған бүкіл күші текке кетеді». Осыған орай, ДАТО республикалық деңгейде екі жыл қатарынан «Үздік емделуші» байқауын өткізіп келеді. Байқаудың басты мақсаты – халықтың өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігін арттыру. Осылайша, 2013 жылғы байқау жеңімпаздары Ақмола облысынан Қымбат Досмағамбетова, Астана қаласынан Қанипа Боламбаева, Жамбыл облысынан Александр Гердт атанды. Олар диспансерлік байқау кезеңінде өз денсаулықтарын жақсар­туға мол үлес қосқан жеңімпаздар. Байқауға қатысушылар емделу барысында, спортпен белсенді түрде шұғылдана білген, дәрігердің нұсқауларын бұлжытпай орындаған, тамақтану режімін және диета сақтаған, қант деңгейін тұрақтандырып, артериялық қысымды төмендеткен. Ағымдағы жылы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК орталықтың қызметін БАҚ-та үздік насихаттаған тілшілердің арасында бірінші сайыс өткізетіндігін атап өткіміз келеді. Сайыстың мақсаты – жұртшылықтың ДАТО қызметіне деген қызығушылығын арттыру және дәрілік заттарды дұрыс пайдалану туралы халықты кәсіби деңгейде ақпараттандыру болып табылады. Сайыс 2014 жылғы наурыз айының 15-інен бастап маусымның 1-іне дейінгі аралықта келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік автор», «Үздік телетілші», «Үздік радиотілші». Сайыс жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сайысқа қатысу шарттары туралы қосымша ақпаратты ДАТО-ның www.druginfo.kz сайтынан таба аласыздар. Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығының келешекте халықтың арасында танымалдығы одан әрі арта түседі және дәрілік заттарды дұрыс пайдалану және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтардың құқығы туралы шынайы ақпарат алуда таптырмайтын көмекші болатындығына сенеміз. Құрметті қазақстандықтар, өз өмірлеріңізді, өз ден­саулықтарыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бағалай біліңіздер! Біздің көмегіміз Сіздер үшін! «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орта­лы­ғы» РМК-ның Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығы. Байланыс телефоны: 8/7172/47-62-04 www.druginfo.kz