Елорда • 21 Ақпан, 2022

Елордада 28 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

273 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бір жыл ішінде 23 мыңнан астам елордалық жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдығы үшін 18 924 адам жүгінді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 23 240 адам қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада 28 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Әкімдікте өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы айтып берді.

Мәселен, өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 23 240 адам қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 7 212 адам, ЖҚЖК жобаларына 260 адам жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесіне 914 адам қатысты. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарымен 185 адам, қоғамдық жұмыстармен 2 848 адам қамтамасыз етілді, «бірінші жұмыс орны» жобасына 91 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2 адам қатысты, 200-ден астам қала тұрғыны қысқа мерзімді кәсіптік курстардан өтті.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» шеңберінде оқуға 1 384 адам жіберілді, олардың 503-і мемлекеттік гранттарға ілікті. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шеңберінде 92 несие берілді, сауда, тамақ және тігін өнеркәсібі салаларында 590 бизнес-жоба қолдау тауып, төленді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 2021 жылы 14 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып, 635 жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, өткен жылы елордада 28 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 24 мыңы - тұрақты жұмыс орындары.

Биыл 28,5 мың жұмыс орнын ұйымдастыру жоспарлануда.