Наурыздың шуақты күні бірқатар өскемендіктер үшін қос қуанышқа ұласты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты аясында облыс орталығының 19-мөлтек ауданында шағын отбасыларға арналған 70 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді.
Бес қабатты үйдің 23 пәтері бір бөлмелі болса, қалғаны екі бөлмелі пәтерлер. Бұл күні баспанаға қол жеткізген жетпіс отбасының ішінде 29 жасқа дейінгі 37 жас отбасының қуанышы бөлек. Олардың барлығы – құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, салық комитеті, мәдениет сынды бюджеттік сала қызметкерлері.
Қоныс тойына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та ортақтасып, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы кезекте халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын көтеруге көңіл бөліп отырғанын жеткізген аймақ басшысы ел экономикасының өрге басуы тұрғын үй құрылысының жандануынан көрінетінін атап өтті. 2013 жылы Өскеменде 98 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджет қаражаты арқылы 9 көпқабатты және 36 жеке тұрғын үй салынды. Биыл өңірде тұңғыш рет «Жас отбасы» бағдарламасының қатысушылары мен жетім балалар Ә.Молдағұлова, К.Маркс көшелерінде бой көтерген жаңа үйлерден пәтер алды.
Ұлыстың ұлы күні баспаналы болған Ана мен бала орталығының анастезиолог дәрігері Думан Жақсылықов жұбайымен бір мекемеде дәрігер болып қызмет етеді екен.
– Бүгін жаңа пәтер кілтіне ие болып отырмыз. Біз сияқты жас мамандарға жағдай жасап отырған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа және облыстық, қалалық әкімдікке шексіз ризашылығымызды білдіреміз, – деді қуанышымен бөліскен Думан Сәрсенұлы. Ал «Арман» балабақшасында тәрбиеші болып еңбек ететін Айжан Құсайынова жас отбасы ретінде кезекте тұрғанына екі жылдан аса уақыт болғанын жеткізді.
– Жолдасым жүргізуші болып жұмыс істейді. Екі баламыз бар. Наурыз мейрамында пәтерлі болып жатқанымызға ерекше қуанып тұрмыз. Барша халықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! – деді пәтерлі болған жас ана.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Министрлік АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Астаналық тұрғын Қорғаныс министрлігіне қарсы сотта жеңіп шықты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Павлодарда ер адам есірткі қосылған көкнәр тұқымын сатқан
Есірткі • Бүгін, 13:13
«30%-ға артта қалып келесіздер»: Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Үкімет • Бүгін, 13:02
Тобыл өзенінде суға батып кеткен атасы мен немересінің мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 12:55
Қарағанды облысындағы жаңартылған вокзалдар қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 12:39
Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 12:35
Испанияға қарсы ойнаған Кабо-Верде қақпашысы бір түнде әлемдік жұлдызға айналды
Футбол • Бүгін, 12:29
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07