Қазақстан • 21 Ақпан, 2022

Қазақстан Елшісі Словения Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент сарайында Қазақстанның Аустриядағы Елшісі және Словениядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Омаров Словения Президенті Борут Пахорға сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан Елшісі Словения Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Салтанатты рәсімнен кейін өткен екіжақты кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Словения Президентіне жолдаған жылы лебіздерін жеткізіп, биыл екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 30 жылдығының маңыздылығын атап, Қазақстанның Словениямен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлкен мән беретінін хабарлады.

«Елші сұхбаттасын Қазақстандағы ахуалмен және Мемлекет басшысының жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларымен таныстырды. Өз кезегінде, Б.Пахор жүргізіліп жатқан реформаларға қызығушылық танытып, Словения Қазақстанды сенімді әріптесі ретінде қарастыратынын және Люблянаның тығыз ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін атап өтті. Кездесу соңында  Словения Президенті екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тілеп, Қазақстанның Президенті Қ.Тоқаевқа жылы тілектерін жолдады», делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20