Әлем • 21 Ақпан, 2022

Еуроодақ Украинаға миллиард еуродан астам қаржы бөледі

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық Одақ Кеңесі Еурокомиссияның Украинаға 1,2 миллиард еуро жедел макроқаржылық көмек бөлу туралы ұсынысын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуроодақ Украинаға миллиард еуродан астам қаржы бөледі

ЕО заң шығарушы органының жарияланымына сәйкес, Еуропа Украинаға экономикалық көмекті жеделдетуге шешім қабылдады.

«Кеңес бүгін комиссия өз ұсынысын бергеннен кейін 21 күн өткен соң шешім қабылдады», делінген ЕО Кеңесінің хабарламасында. 

Қаражат бір жыл ішінде екі бөлікке бөлініп берледі деп күтілуде.

Украина ақшаның бірінші бөлігін меморандумға қол қойылғаннан кейін, ал екінші бөлігін құжаттың шарттары орындалғаннан кейін алады.

Қаңтар айының соңында Еурокомиссия Украинаға жалпы көлемі 1,2 млрд еуро болатын макроқаржылық көмектің жаңа пакетін ұсынды. Бұған дейін хабарланғандай, ЕК 600 млн еуроға бірінші траншты Еуропарламент, ЕО елдерінің Кеңесі, сондай-ақ Украина билігі бұл пакетті мақұлдағаннан кейін бөле алады.

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен 2014 жылдан бастап Еуроодақ пен Еуропалық қаржы ұйымдары республикаға гранттар мен қарыздар түрінде 17 млрд еуродан астам қаражат бөлгенін еске салды.