Президент • 21 Ақпан, 2022

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорын реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет берілді.

Алмасадам Сәтқалиев Президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты.

Мемлекет басшысына Қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.