Аймақтар • 21 Ақпан, 2022

Көпбалалы ананы несиесін төлемегені үшін өлтіріп кеткен

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы көпбалалы ананың өліміне қатысты үкім шықты. Қылмыс жасаған ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көпбалалы ананы несиесін төлемегені үшін өлтіріп кеткен

«Мой город» басылымының хабарлауынша, 35 жастағы жеті баланың анасын өлтіргені үшін 25 жастағы ер адамға мамандандырылған аудан аралық қылмыстық сот ісі үкім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылдың наурыз айында сотталушы жәбірленушінің өтініші бойынша бірнеше рет банктерде несиелерді өз атына ресімдеген. Алайда, кейінірек әйел несие төлеуден бас тартқан.

«25 қарашада сотталушы жәбірленушімен кездесіп, ашу үстінде оны бірнеше рет пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Ауыр дене жарақатынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді», деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ қылмыскердің жәбірленушуге көрсеткен әрекеті сараптама қорытындыларымен, сондай-ақ бейнежазбалармен расталады.

Сот үкімінің шешімі бойынша ер адам кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кететін жайт, марқұмның артында жеті баласы қалды, олардың ең кішісі бес жаста.

 Аяна Тоғанбек,

ЕҰУ студенті