Спорт • 22 Ақпан, 2022

Жеребе тартылды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында орна­ласқан УЕФА-ның штаб-пәте­рінде 2023 жылы өтетін әйелдер ара­сын­дағы Еуропа чемпионатының ірік­теу сайыстарының жеребесі тартылды.

Жеребе тартылды

Қазақстан құрамасы «С» тобына түсті. Қар­сыластарымыз – Словения, Босния мен Гер­цеговина және Литва футболшылары. Бұл бәсе­келер 10-15 мамыр аралығында Балтық жаға­лауында өтеді. «А» тобында Нидерланд, Сербия, Солтүстік Ирландия және Латвия күш сынасса, «D» тобында Бельгия, Словакия, Гибралтар және Молдова шеберлік байқасады. Әр төрттікте топ жарған командалар келесі жылдың қаңтар айын­да шымылдығы түрілетін іріктеу турнирінің негізгі бөлігіне жолдама алады. Ал сол сынақ­тан сүрінбей өткендері қарт құрлықтың ең үздік командалары бас қосқан байрақты бәсекеде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы Еуропа чемпионаты 2017 жылы Нидерландта өткен болатын. Финалда алаң иелері Дания құрамасын 4:2 есебімен ұтып, алтыннан алқа тақты.