Қазақстан • 22 Ақпан, 2022

Азаматтарды эвакуациялау үшін 1,6 мың вагон дайындалды – министр

464 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Су басу қаупі бар аймақтардан адамдарды эвакуациялау үшін 1,6 мыңнан астам теміржол вагоны дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтарды эвакуациялау үшін 1,6 мың вагон дайындалды – министр

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Су тасқыны қаупінің уақтылы алдын алу және жою, сондай-ақ пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ҚР ИИДМ темір жолдарды су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, «ҚТЖ» ҰК бұйрығымен жолдар мен жол бойындағы теміржол нысандарын қорғау бойынша арнайы іс-шаралар кешені енгізілді.

Қазіргі уақытта көпірлер, құбырлар мен дренаждық құдықтарды қар мен мұздан тазарту, сондай-ақ тау және су бұрғыш арықтарды, науалар мен кюветтерді ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мамандар су қоймалары мен агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексереді, ТЖ бойынша облыстық бөлімшелермен өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды.

«Өткен жылдардың тәжірибесін талдау нәтижелері бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 673 қауіпті орындардың тізбесі анықталды, оларды айналып өту жолдары ұйымдастырылды. Жауапты тұлғалар тәулік бойы кезекшілік етеді. Тасқын су өткен жағдайда су басу аймағынан азаматтарды эвакуациялау үшін локомотивтер және 1,6 мыңнан астам вагон дайындалды.  Арнайы техникалар – крандар, тракторлар мен бульдозерлер, 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары тұрақты дайындықта», деді Қ.Өскенбаев.

Министрдің ақпараты бойынша, жолдар мен теміржол құрылыстарын қорғау үшін 2 550 текше метр кесек тас және 9 мың кондициялық емес темір-бетон шпалдары дайындалған. Техника мен материалдардың дайындығы 100% құрайды.