Үкімет • 22 Ақпан, 2022

Ералы Тоғжанов шекараны қайта ашуды тапсырды

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әуе және барлық құрлықтағы қатынасты қалпына келтіруге дайын екенімізді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ералы Тоғжанов шекараны қайта ашуды тапсырды

«Біз әуе және құрлықтағы бүкіл қатынастарды барынша қалпына келтіруге дайынбыз», деді Е. Тоғжанов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша алқа мәжілісінде.

Премьердің орынбасары қазіргі уақытта 23 елмен халықаралық қатынас аясында 78 маршрут ашылғанын, олардың аптасына 259 рейс жиілігімен орындалатынын атап өтті. 57 ішкі маршрут бойынша рейстер толығымен қалпына келді және 65 тұрақты рейс жүреді.

«Осыған байланысты Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер министрліктеріне басқа да мүдделі ведомстволармен бірлесіп, әуе және жердегі шекаралардың ашылуын пысықтауды тапсырамын», деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен бірге спикер бірқатар аймақтарда коронавирус қарқыны әлі де артып келе жатқанын атап өтті.

«Қытайға қатысты барлық деректер Үкімет отырысында айтылды. Бүгінде әлемнің 37 елінде вирус өршіп жатыр. Бұл Малайзияға да қатысты – біздің азаматтар сол елге де жиі барады, сондықтан әлі де белгілі бір проблемалар бар. Бірақ осыған қарамастан барынша жағдай жасауға тырысамыз», деді Ералы Тоғжанов.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50