Экономика • 22 Ақпан, 2022

Ұлттық банк 33 миллион долларға интервенция жасады

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк 33 миллион долларға интервенция жасады

Молдабекова қазіргі жағдайға байланысты ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақты сақтауға Ұлттық банк бүгінгі сауда-саттық аясында валюталық интервенциялар жүргізіп жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта олардың көлемі 33 миллион доллар, жалпы сауда көлемі 155 миллион доллар, бұл барлық сауда-саттықтың шамамен 20 пайызы», деді ол.

Төрағаның орынбасары Ұлттық банк қаржы нарығындағы жағдайды, Украинаға қатысты жағдайды мұқият қадағалап отырғанын атап өтті.

«Нарықтың одан әрі серпіні көбіне санкциялардың сипаты мен тереңдігіне және олардың Ресей экономикасына әсеріне байланысты», деп қосты ол.

Еске салайық, қазір елорданың бірқатар ақша айырбастау орындарында доллар 440 теңгеден, Алматыда 441 теңгеден сатылып жатыр.