Аймақтар • 22 Ақпан, 2022

Балықшыларды ажалдан алып қалды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Қостанай облысымен шекаралас жерінде екі балықшының адасып, қар құрсауында қалғаны туралы дабыл аудан орталығындағы №18 өрт сөндіру бөліміне жаны шығып, шырылдаған әйелден түскен. Адасқандардың бірі оның күйеуі екен, деп жазады Egemen.kz.

Балықшыларды ажалдан алып қалды

Қарда жүретін «Нива-Бронто» көлігімен құтқарушылар жедел жолға шығады. Тек бір жарым сағаттан кейін ғана олар Қақ көлінің маңында қарға батып қалған балықшыларды тапқан. Әйтеуір осы күні күн қатты аязды болмаған, әйтпесе балықшылардың үсіп қалуы кәдік еді. Құтқарушылар оларды Тимирязев селосындағы үйлеріне аман-есен жеткізген.

Осы оқиғадан екі сағат бұрын ғана Тайынша ауданының құтқарушылары Нұр-Сұлтан қаласынан келіп, Шағалалы көлінде балық ауламақ болғанда адасып кеткен астаналық жігітті де ажалдан құтқарды. Оқиға осы ауданның Чермошнян ауылдық округінің аумағында болған. Екі жағдайда да балықшылар төтенше жағдай қызметінің ауа райы бұзылып, боран соғады деген ескертуін елемеген.