Қазақстан • 23 Ақпан, 2022

Қазақстан-Иран: Сауданы кеңейту жолдары талқыланды

587 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Тегеранда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ИИР ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садати Нежадтың тең төрағалығымен Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының 17-отырысы өтті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан-Иран: Сауданы кеңейту жолдары талқыланды

Тараптар сауда, экономика және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, банк ісі және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Оты­рыс кезінде Қазақстан Иранға үкіметаралық процес­терді ай­налып өтіп, екі елдің бизнесі арасында диалог орнатуға мүмкіндік беретін Қазақ­стан-Иран Іскерлік кеңесін құруды ұсынды. Сауда ынты­мақ­тастығын кеңейту шеңбер­інде Қазақстан мен Иран сау­даға кедергі келтіретін тос­қау­­ыл­дарды жою бойынша тұрақ­ты негізде жұмыс істеуге және экспорттаушы кәсіп­орындарға қолдау көрсетуге мүд­делілігін растады.

Б.Сұлтанов Иран тарапына әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесімен алмасуды ұсынды. «Біздің есептеулеріміз бо­йынша болашақта қазақстан­дық компаниялар Иран нары­ғына 162,3 млн доллар сома­сына түрлі саланың 60 өңдел­ген тауарын жеткізуге дайын. Бұл металлургия, тамақ, ма­ши­на жасау, химия, фарма­цев­­тика салаларының өнім­дері, сондай-ақ құрылыс тауар­-
­­­лары», деді Б.Сұлтанов.

Отырыста қазақстандық ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерінің Иран нары­ғына қолжетімділігі мәселесі тал­қыланды. Мәселе Иран­ға өнім импортына рұқсат­тар­ды бекіту, сондай-ақ Иран­­ның Халал талаптарына сәйкес сертификаттауға қолдау көр­сету туралы. Вете­ри­нарлық және фитосани­тарлық шаралар саласында тұ­рақты ақпарат алмасуды жүр­гізу, сондай-ақ сауда рәсім­дерін жеңілдетуге жәрдем­десу туралы шешім қабыл­данды. Тегеран Қазақстан тара­пына Иранның ауыл шаруа­шылығы және азық-түлік тауар­лары­ның, мысалы, жемістер, көкө­ністер, кептірілген жаң­ғақтар және т.б. Қазақстан нарығына экспортын қолдау туралы өтініш жасады.

ҮАК барысында Қазақстан мен Иран Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Олар Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Сауда және интег­рация ми­нистрлігінің Техни­калық реттеу және метроло­гия комитеті және Иран ұлттық стан­дарттау ұйымы, Ұлттық аккре­диттеу орталығы және ИИР Ұлттық аккредиттеу ор­талығы, Қазақстан стан­дарт­тау және метрология инс­­­ти­туты (Қазстандарт) және Иран ұлттық стандарттау ұйы­мы. Сондай-ақ Қазақ­стан мен Иран арасындағы ин­вес­тициялық ынтымақтастық бо­йынша консультативтік кез­десулер өткізу туралы шешім қабылданды. Иран тарапы ауыл шаруашылығы орау ор­та­лықтарын құру үшін «Энзели» еркін экономикалық айма­ғына қазақстандық инвестиция салуға, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне экспорт­тау үшін өңірдегі жұмыс істеп тұрған өндірістік бөлім­шелерді пайдалануға мүдделі.

Қазақстан тарапы Иран тарапына Қытайға экспортқа бағдарланған өндірістер құру үшін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы эконо­микалық аймағының алаңын қарауды ұсынды. Екі елдің өнеркәсіптік кооперациясын дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде АЭА аумағында жеңіл өнеркәсіпте, оның ішінде кілем және басқа да өнімдер өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындар құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ ирандық IDRO Group инженерлік-техникалық жобаларды іске асыру үшін қазақстандық компаниялармен консорциум құруға дайын екенін білдірді.

Тараптар сондай-ақ тау-кен саласында ынтымақтасу ниетін растады. Бұл – темір кені мен бокситтерді сатып алуға ұзақ­мерзімді келісімшарттар жасасу, сондай-ақ инженерлік-техникалық ынты­мақ­тас­тық­ты дамыту және пайдалы қаз­баларды барлау мен өн­ді­руге инвестициялау мүм­кіндігі. Сондай-ақ тау-кен металлургия секторындағы бірлескен өндірістерді кеңейту әлеуеті талқыланды. Қазіргі уақытта Иранда қуаты 650 МВт болатын Ирандағы бірінші көмір электр стансасын және қазақстандық ғалымдар әзірлеген, өнімділігі жылына 550 мың тонна ферросиликоалюминий болатын («Қазақстандық» қорытпа) жаңа кешенді қорытпа шыға­ратын металлургиялық өнді­рісті салу жөніндегі жоба іске асы­рылуда. Бұл жобаны іске асыру әлемдегі ең ірі болат өндіруші саналатын елде қазақстандық зияткер­лік меншіктің табыс­ты трансфер­тінің жарқын мысалы болады.

Ирандық IMIDRO холдингі Қазақстанда Борлы мыс-молибден кен орнын барлауға және игеруге инвестиция салады (Қарағанды облысы). Қуа­ты жылына 5 мың тонна ка­тодты мыс өндіруге жете­тін гидрометаллургия зауы­ты­ның құрылысы басталды. Иран­ның металлургия са­ласын дамытудағы және темір кенін өндіруді артты­рудағы жоспарларын ескере отырып, Қазақстан ынты­мақ­­тас­тықтың ағымдағы бағыт­тарын тереңдетуге және жаңа бағыттарын дамытуға мүдделілігін растады. Ден­саулық сақтау саласында тараптар GMP (Good Manufacturing Practice) және елдердің ұлттық заңнамаларына сәйкес шарттарда дәрілік заттар мен ме­дициналық мақсаттағы бұйым­дарды өндіру бойынша бір­лескен кәсіпорын құруды пы­сықтауға уағдаласты.

Талқыланған мәселелердің үлкен блогы көлік және логис­тика саласындағы ынты­мақ­тастықты дамыту мәселелеріне арналды. Екі елдің қосымша жүк ағындарын тарту, Қазақ­стан – Түрікменстан – Иран бағыты бойынша тиімді тариф­тік шарттарды белгілеу және Үндістан мен Парсы шығанағы елдерінен Иран – Қазақстан, Орталық Азия және Ресей бағыты бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыруды пысықтауға бірлескен күш-жігер жұмсау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Қытай – Иран – Түркия бағыты бойынша және кері Инчебурун және Сарахс шекаралық өткелдері арқылы контейнерлік пойыздардың қозғалысын жандандыру бо­йынша шаралар қабылданды.

Тараптар сондай-ақ Еура­зиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылды кеңейту перспективасын тал­­қы­лады. Қазіргі уақытта ЕАЭО елдері мен Иран Ислам Рес­публикасы арасында еркін сау­да туралы толық фор­мат­ты келісім жасасу бо­­йынша келіссөз жүргі­зілуде. Толық форматты келісім кедендік баждарды тауар но­­мен­кла­ту­ра­сының кемінде 80%-ын алып тастауды және төмен­детуді көздейді. Бұл біздің елдеріміз арасындағы сауда­ның өсуіне ықпал ететін болады.

Қазақстан-Иран Үкімет­аралық комиссиясының 17-ші отырысының күн тәрті­біндегі мәселелердің бірі екі ел арасындағы өзара есеп айы­рысудың тиімді және қауіпсіз тетігін әзірлеу болды. Тараптар екі ел арасындағы сауданы жеңілдету үшін тиісті әдістер мен құралдарды айқындау үшін банктік ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комитет құру мүмкіндігін қарауға уағдаласты. Сондай-ақ екі­жақ­ты сауда қорлары бойынша есеп айырысу үшін екі елдің жергілікті валюталарын пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу қажет.

Сонымен қатар Иранның экспортқа кепілдік беру қоры мен KazakhExport экс­портты сақтандыру компа­ния­сы екі ел арасындағы сау­­даға жәрдемдесуге дайын екендігін білдірді. Сау­да-экономикалық ынты­мақ­тастықты жандандыру аясында Қазақстан ирандық әуе ком­панияларына Қазақстан мен Иран арасындағы тұрақ­ты рейстерді қайта бастауды ұсынды. Тараптар 2023 жылы Нұр-Сұлтан қала­сын­да екі елдің бірлескен комис­сиясының 18-отырысын өт­кізуге келісті.