Аймақтар • 23 Ақпан, 2022

«Мұраға» қалған мәселелер

172 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы қаласы мен Алматы облысының аумақтық шекаралары өзгерген кезде «мұраға» қалған мәселелер жеткілікті. «Шет­сіз қала» бағдарламасын іске асыру аясында осы түйт­кіл­дерді шешу үшін инженерлік желілердің екі жобасы (электрмен жаб­дықтау және судан бұрумен сумен жабдықтау) әзірленді. Құ­рылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың екінші тоқ­санына жос­парланған.

«Мұраға» қалған мәселелер

Жетісу ауданына қарасты Ке­мел шағын ауданының тұр­ғын­дарына ыңғайлы болуы үшін отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды. Өйткені жақын маңдағы емхана 4 шақырым жерде орналасқан. Жаңа меди­ци­налық мекеме алғашқы нау­қастарын биыл күзде қабыл­дай бастайды. Сондай-ақ шағын ­аудан тұрғындары үнемі ауыз су тапшылығына тап келіп жүр. Сумен жабдықтауды электр сор­ғы­лары қамтамасыз етеді, элек­тр қуаты ажыратылған кезде халықта су болмай қалады. Тұр­ғындардың бір мезгіл серуендеп, демалуына жайлы жағдай жасау мақсатында 10 мың адамды қамтитын демалыс және бел­сенді демалыс аймақтарын абаттандыру жөніндегі жоба қарастырылуда. Кемел шағын ауданында жағалау аймағын салу жобасы 2020 жылы әзір­лен­ді. Нысанның құрылысы үшін республикалық бюджеттен 789,8 млн теңге сомасында қаржыландыру сұралды.

Қала әкімі Ерболат Досаев аталған аудандағы қарт адамдар йогамен, хореографиямен, айкунемен, скандинавиялық ең­бек терапиясымен айналысатын, ай сайын 70-80 адам баратын ағыл­шын және қазақ тіл­­де­рін оқытатын Мәдениет үйі­­­­нің жұмысымен де танысты. Сон­дай-ақ тұрғындармен кез­де­сіп, олардың өтініштері мен ұсы­­­ныстарын тыңдады. Өзек­ті мәселелер қатарында қо­­ғам­­­дық көлік аялдамаларын ұйым­­­дастыру, автобус бағыт­­тарын өзгерту сынды мәсе­ле­лер көте­рілді. Кездесу қоры­тын­ды­сын­­да қала басшы­сы қалалық мо­биль­ді­лік бас­қар­масы­на қоғам­дық көлік қозғалы­сына сараптама жүргізіп, тұрғын­дар­дың мәсе­ле­ле­рін қарау үшін тиіс­­ті шаралар қабылдауды тап­сырды.

Мәселен, Дулыға көшесіндегі апат­ты жағдайдағы үйлердің мәсе­лесі тиісті шаралар қабыл­дау мақсатында бақылауға алынды. Жақын арада Кемел мен Көкжиек шағын ауданының бала­лары Жайсаң көшесінде орналасқан денешынықтыру-сауықтыру ке­ше­нінің секцияларына тегін бара алады. Оның құрылысын осы жылдың 1 тоқса­ны­ның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Көкжиек шағын ауданында жаңа қарағай орманының аума­ғы бар. «Таза Қазақстан» эко­ло­­гиялық жобасын іске асыру ая­сында 3,1 гектар жерге 1 500-ден астам қарағай мен 11 мыңнан астам жапырақты ағаш отырғызылды. 65 метр тереңдікте сорғыны орнату бо­йынша жұ­мыс­тар жүргізілді, 25 текше метр суға қатысты 2 ре­зер­вуар орна­тылды. Қазіргі кезде ағаш кө­шеттерін тамшылатып суару те­тіктерін орнату жұ­мыстары жүр­гізілуде. Биыл суа­ру маусымына байланысты Жасыл экономи­ка бас­қар­ма­сы жұмыстарды аяқтауы тиіс.

Көкжиек шағын ауданындағы №177 мектеп қосымша құрылыс салу есебінен 600 орынға кеңей­тіл­ді. Бұл орын тапшылығы мәсе­лесін шешуге игі ықпал етті.

Жұмысшы кентінің тұрғын­да­ры медициналық қызметтерге қолжетімділік мәселелеріне қа­тыс­ты мұң-мұқтажын жекізді. Олар басқа аудандардың емханаларына баруға мәжбүр. Е.Досаев аудан әкіміне жаңа емхана салу үшін қолайлы жер учаскесін іздеу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Жұмыс сапарының соңын­да қала әкімі «2021-2025 жыл­дар­ға арнал­ған тұрғын үй қорын жа­ңар­ту бағдарламасы» аясын­да Крылов, Скрябин, Гон­ча­ров көше­лері мен Райым­бек даң­ғы­лының шең­бе­рінде салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Қазіргі кезде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 30 ескі екі қабатты үйді сүру жүзеге асырылуда. Олардың орнында 2024 жылға дейін 24 көппәтерлі үй салынады. Бұзылған 11 үйдің орнында 9 үй биыл тапсырылады.

 

АЛМАТЫ