Бокс • 23 Ақпан, 2022

«Странджа» кубогі: 5 боксшымыз келесі кезеңге өтті

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның София қаласында бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі жалғасуда деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК жариялаған жарыс күнінің нәтижелеріне сілтеме жасап.

«Странджа» кубогі: 5 боксшымыз келесі кезеңге өтті

57 келідегі Бибарыс Жексен франциялық Самюэль Кистохты 5:0 есебімен ұтса, осы салмақтағы Оразбек Асылқұлов қырғыз боксшысы Жеңісбек Белашаровты 5:0 есебімен жеңді. 

60 келідегі Василий Самчук ұлыбританиялық Ниэль Фаррелді 4:1 есебімен тізе бүктірді. Әділет Құрметов германиялық Мұрат Йылдырымнан жеңілді. 

80 келідегі Ерасыл Жакпеков ресейлік Савели Садомадан 3:2 есебімен басым түсті. 

Ал 92 келідегі Абзал Құттыбеков испаниялық Эмануэль Пла Рейесті жеңіп, келесі айналымға өтті.