
Австралияның оңтүстік-шығысындағы Виктория штатының Гиппсленд аймағында жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты.
Виктория полициясының мәліметінше, оқиға таңғы сағат 7:15-те болған.
Ұшақ далаға құлады, бортында ұшқыштан басқа ешкім болмаған. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ.
Оқиғаның себептері анықталуда.