Экология • 23 Ақпан, 2022

Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді

709 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді

Алматы қаласының әкімдігіне хабарлама 8 ақпанда түскен. Онда қаланың экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіру мақсатында сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін «Шоқан Уәлиханов» атындағы саябақта митинг өткізу сұралған. Қатысушылардың болжамды саны 20-дан 60 адамға дейін.

Ведомство мәліметінше, митинг «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң талаптарына сай.

«Сондықтан, заңға сәйкес, Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы №1/35 қаулысы бойынша көрсетілген митингіні өткізуге келісім берілді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15