«Бүгін, 23 ақпанда сағат 13:00-де «Хабар 24» телеарнасында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Интервью» бағдарламасында тікелей эфирде сөз сөйлейді», делінген Қазақстан үкіметінің ресми Telegram-арнасында.
Онда кәдеге жарату төлемі мөлшерлемесін төмендету мәселелері қозғалатыны баса айтылды.
Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі 23 ақпанда жарияланатынын мәлімдеген еді.