Қоғам • 23 Ақпан, 2022

Қазақстанда автобус тасымалы мәселелерін шешуге 30 миллиард теңге бөлінеді

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанның автобус паркін жаңартуға 30 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда автобус тасымалы мәселелерін шешуге 30 миллиард теңге бөлінеді

Вице-премьер «Жасыл Даму» шотындағы 200 миллиард теңгеден астам қаражатты «халық игілігіне жарату керек» екенін айтты. Оның 100 миллиард теңгесі азаматтарға жеңілдетілген автонесие алуға бағытталады.

«Екінші кезеңде автобус паркін жаңартуға 30 миллиард теңге жұмсау туралы шешім қабылданды. Бұған қажеттілік бұрыннан бар. Автобус сатып алу және белгілі бір мөлшерлеме бойынша пайыз төлеу тасымалдаушылар үшін тиімсіз, олар оны жол жүру ақысынан алады, бұл да жағымсыз. Сондықтан автобустарды тасымалдаушыларға жеті жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен сату туралы шешім қабылданды», деді Скляр «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.