Мəселе түсінікті болу үшін екі аптадай уақытқа шегініс жасайын. Орал қаласының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің «Мəдени-ағарту бірлестігі» мен қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 4-5-6 ақпан күндері Орал қаласының комьюнити орталықтары мен аула клубтары тəрбиеленушілері арасында «Спорт жұлдыздары» атты қысқы спартакиада өткен еді. Сол қысқы спартакиаданың марапаттау салтанатында мынадай жан тебірентерлік оқиғаның куəсі болдық. Жарысқа апарған он бір баланың көбі өз марапаттарын алып жатыр еді, кенет жүлдеге қолы жетпеген Хамзаның көзіне жас алып тұрғанын көріп, біртүрлі болып қалдық. Сол сəтте жабырқап тұрған дос-бауырын көрген Бекзат мойнындағы медалін шешті де, Хамзаның мойнына тағып жіберді. Осы арада балалар түгілі үлкендердің өзі абдырап қалды. Себебі бұл ешкім күтпеген тосын жағдай еді...
Атақ пен марапаттан досының көңілін қымбат санаған Бекзаттың əрекеті абырой мен атақ-даңқ жолында жанын сатқан кей үлкендерге де үлгі деп ойлаймын. Бекзаттай бекзат мінез ұл тəрбиелеп отырған ата-анасына да мың алғыс! Осындай ғажап сəттердің куəгері қылғаның үшін саған да рахмет, «Мəдени-ағарту бірлестігі»! дегіміз келеді.
Орынбек МЕҢДІҚҰЛ,
қала тұрғыны
Батыс Қазақстан облысы