Сәрсенбі күні бірнеше мың фермер ел астанасына трактормен кірмек болды, бірақ полиция оларға рұқсат бермеді.
Одан кейін шаруалар қоғамдық көлікпен қала орталығына жетіп, қаланың орталық тас жолдарының бірі – Иерусалим аллеясын, сондай-ақ оған жақын орналасқан бірқатар көшені жауып тастады. Шерушілердің әрекетіне полицейлер әлі араласқан жоқ.
«Агроуния» фермерлер ұйымының жетекшісі Михал Колодзейчиктің түсіндіруінше, шаруалар тыңайтқыштар, электр энергиясы, жанар-жағармай бағасының қымбаттығына, сырттан келетін бақылаусыз азық-түлікке наразылық білдіруде.
Қазір диқандар Премьер-Министр Матеуш Моравецкиймен кездесуді талап етіп, түрлі аспаптарды даңғырлатқан күйі үкімет ғимаратына қарай шерулетуде. Олардың плакаттарында «Үнсіз өлмейміз» деп жазылған.