Осылайша, патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін Салық кодексінде бір айдан бір жылға дейін патент құнының есеп-қисабын (911.00-нысан) ұсыну мүмкіндігі көзделген. Патент құнын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық төлеуші есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді.
Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режімін қолданатын жеке кәсіпкерлер салық есептілігін ұсынбайды. ЖТС және әлеуметтік төлемдер сомасы ай сайын арнайы мобильді қосымша арқылы есепті айдың 15-нен кешіктірілмей есептеледі және есепті айдың 25-нен кешіктірілмей төленеді.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер декларацияны (910.00-нысан) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына бірінші жартыжылдық үшін 15 тамыздан кешіктірмей (25 тамыздан кешіктірмей төлейді), екінші жартыжылдық үшін 15 ақпаннан кешіктірмей (25 ақпаннан кешіктірмей төлейді) табыс етеді.
Бұл ретте, жұмыскерлердің табысынан жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді ай сайын, табыстарды төлеген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей жүргізетінін атап өту қажет.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер декларацияны (920.00-нысан) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей жер учаскесі орналасқан жердегі салық органдарына табыс етеді.
Бірыңғай жер салығын, жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу жер учаскесі орналасқан жер бойынша да мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) есепті кезеңнің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген сомалар ағымдағы есепті кезеңнің 10 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімде;
2) есепті кезеңнің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген сомалар – есепті кезеңнен кейінгі есепті кезеңнің 10 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде. 2022 жылдан бастап бірыңғай жер салығының сомасы жергілікті өзін өзі басқару бюджетіне түседі.
Жалдамалы қызметкерлер үшін жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей ай сайын жүргізу қажет.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер декларацияны (913.00-нысан) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді. Төлемді есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей жүргізеді. Бұл ретте жалдамалы жұмыскерлердің табысынан жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдер ай сайын, табыстарды төлеген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей төленеді.