Материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттардағы тыйым салуды алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды (барлық жағдайда несиені уақтылы қайтармау және банктерге берешекті төлемеу салдарынан есепшоттарға тыйым салынған).
Азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотынан тыйым салуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техникалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігіне сілтеме жасайды.
Аталған ведомство қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалуды жүзеге асырмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлайды.
«Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік: жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады. Егер сіз алаяқтарға алданып қалсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз» делінген министрліктің хабарламасында.