Бәсекенің алғашқы жартысы жерлестеріміздің басымдығымен өтті. 13-минутта Коди Куник есеп ашса, 35-минутта Валерий Орехов нысананы дәл көздеді. Одан кейін «Барыс» сәл босаңсыған еді, әп-сәтте қақпамызға екі шайба енді. «Динамоның» сапынан 39 және 40-минуттарда Андрей Прибыльский мен Андрей Миронов мергендік танытты. Десек те, елордалық ойыншылар дер кезінде естерін жиды. Үзіліске дейін санаулы секунд қалғанда Әлихан Әсетов өз командасын қайта алға шығарды. Үшінші кезең бел ортадан асқан тұста Иван Игумнов таразы басын теңестірді. Содан ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта жеңімпаз анықталмаған соң бәсекенің тағдыры буллит соғу барысында шешілді. Бұл ретте біздің хоккейшілер шеберлік танытып, жеңісті жұлып әкетті – 4:3. Жеңіс голын Олле Альсинг салды.
Күні кеше ғана жолдастық кездесуде «Спартакты» ойсырата ұтқан «Барыстың» хоккейшілері іле-шала Мәскеудің тағы бір беделді клубы – «Динамомен» шеберлік байқасты.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше