Спорт • 24 Ақпан, 2022

Кукушкиннің ғана жолы болды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері әлемнің әр қиырында теннистен дүбірлі додалар өтуде. Кіл мықтылар бас қосқан сол жарыстарда Қазақстанның теннисшілері де бақ сынап жатыр.

Кукушкиннің ғана жолы болды

Өкінішке қарай, осы аптада басталған бәсекелер жерлестеріміз үшін сәтсіз аяқталды. Қатардың бас шаһары – Дохадағы жүлде қоры 2 632 448 АҚШ долларын құраған турнирде Юлия Путинцева белоруссиялық Виктория Азарен­кодан ұтылғанын біз бұған дейін жазғанбыз. Келесі күні еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина да сүрінді. Ол есімі көпшілікке беймәлім франциялық Жаклин Кристианға жол берді – 4:6, 3:6. Дубайдағы додада ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те жеңілістің кермек дәмін татты. Отандасымыз алғашқы айналымда АТР рейтингінде 11-орында тұрған поляк Хуберт Хуркачқа есе жіберді – 3:6, 1:6.

Жерлестеріміздің арасынан Михаил Кукушкин ғана өз жанкүйер­лерін қуанта алды. Францияның По қаласында өтіп жатқан жарыстың бірінші кезеңінде ол чехиялық Иржи Лехечканың (6:0, 6:2) тас-талқанын шығарды. Келесі айналымда Кукушкин франциялық Мануэль Гинармен шеберлік байқасады.