Әлем • 24 Ақпан, 2022

Шөл даладан Неолит дәуіріндегі ғибадатхана табылды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір топ иорданиялық және француз археологтары Иордания шөлінен шамамен 9 мың жыл бұрынғы ғибадатхананы тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шөл даладан Неолит дәуіріндегі ғибадатхана табылды

«Бұл жер, ең алдымен, сақталуымен таң қалдырып отыр. Ғибадатхана шамамен 9 мың жыл бұрын тұрғызылған. Соған қарамастан толығымен дерлік сақталған», дейді археолог Ваэль Абу-Аззиза. 

Ғибадатхананың ішінде антропоморфты фигуралар, құрбандық үстелі, теңіз раковиналары және қарақұйрық қақпанының миниатюралық үлгісі бар. 

Археологтардың пікірінше, бұл ғибадатхана неолит дәуіріндегі белгісіз қоныстардың символизміне, көркемдік көрінісіне және рухани мәдениетіне жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі.