«Серік Сламжанұлы Сыдықовты Орталық сайлау комиссиясы мүшесінен босату туралы өтініш келіп түсті. Регламент бойынша бюроның шешімімен бұл мәселені Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті алдын-ала талқылап, өз қорытындысын әзірледі», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданды.
Айта кетсек, Сенаттың жалпы отырысында Шавхат Өтемісов ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды.