Футбол • 24 Ақпан, 2022

«Аптаның үздік ойыншысы» аталымына үміткерлер іріктелді

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы ойындары толығымен аяқталды. Осыған орай УЕФА-ның баспасөз қызметі «Аптаның үздік ойыншысы» аталымына үміткер футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аптаның үздік ойыншысы» аталымына үміткерлер іріктелді

Аталған аталым бойынша үміткерлер тізіміне нидерландылық «Аякс» футбол клубының қорғаушысы Нуссайр Мазрауи, испаниялық «Вильярреал» фктбол клубының жартылай қорғаушысы Даниэль Парехо, ұлыбританиялық «Челси» футбол клубының жартылай қорғаушысы Н Голо Канте, испаниялық «Атлетико» футбол клубының шабуылшысы Жоау Феликс енген. Өткен аптаның үздігі болып франциялық «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе танылған болатын.