Әлем • 24 Ақпан, 2022

Украина әуе кеңістігінде ұшуға шектеу қойды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинадағы орын алған жағдайға байланысты, әуе кеңістігінде Азаматтық авиацияға шектеу қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина әуе кеңістігінде ұшуға шектеу қойды

«Азаматтық авиацияға қауіп төніп тұрғандықтан Киев ауданының шекарасынан Днепр, Львов, Одесса, Симферополь  аудандарының әуе кеңістігіне ұшуы шектеледі»,  делінген NOTAM хабарламасында.

Бұған дейін ТАСС Харьков пен Днепр әуежайлары 23 ақпаннан 24 ақпанға дейін уақытша жабылғанын атап өткен.

Айта кетсек, Владимир Путин ресейліктерге үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция жасау туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады.

Сонымен қатар Владимир Зеленский украин халқы мен мен орыс халқы бір-біріне  жау емес екендігін атап өтті.

Украина президенті Ресей президенті Владимир Путинмен байланысуға тырысқанын айтты, бірақ кері байланыс ала алмады.

Осыдан кейін Зеленский Ресей азаматтарына «президент ретінде емес, Украина азаматы ретінде» үндеу жасады.

«Сіз бен бізді 2000 шақырымнан астам шекара бөліп тұр, сол шекараның бойында сіздің әскерлеріңіз, 200 000-ға жуық сарбаздарыңыз қатар тұр, сіздің басшылығыңыз басқа мемлекеттің аумағына қадам басқалы тұр және сол қадам Еуропа еліндегі үлкен соғыстың бастауы болуы мүмкін», деді Владимир Зеленский.

Аяна Тоғанбек,

ЕҰУ студенті