Аймақтар • 24 Ақпан, 2022

Қанат Бозымбаев АЭС құрылысы туралы айтты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорғанда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанат Бозымбаев АЭС құрылысы туралы айтты

«Бірден айтайын, Қазақстандағы атом стансасы құрылысын жақтаймын. Мен ұзақ уақыт энергетика саласында жұмыс істедім. Тиісті институттар бірнеше жылдан кейін бізде электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін дейді. Бізге базалық қуат қажет», деді облыс әкімі.

Сондай-ақ аймақ басшысы атом электр станциясын салумен байланысты фобиялар бізде гендік деңгейде екенін айтты.

«Біз бұл мәселеге өте мұқият қарауымыз керек. АЭС Балқаш немесе Ертіс жағалауында орналаса ма жоқ па білмеймін, бірақ қажетті су көлемі керек. Айналмалы сумен жабдықтау бар, ол салқындату үшін қажет. Облыс әкімі ретінде станцияның құрылыс орнын анықтау менің міндетіме кірмейді. Мен бұған ешқандай әсер ете алмаймын, мені АЭС салу үшін Алматы облысының әкімі етіп тағайындады деген пайымдаулар - жай ғана қауесет», деп аймақ басшысы.