Үкімет • 24 Ақпан, 2022

Елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанға Беларусь Премьер-Министрі бастаған делегация келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді

Делегацияны Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды, кейін олар толық құрамда санитарлық нормаларға сәйкес коронавирусқа ПТР тестілеуден өтті.

Беларусь министрлер кабинетінің басшысы 24 және 25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысады.

Сондай-ақ шараға Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады.

Еске салайық, Қазақстан астанасына бірінші болып Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров келген болатын.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ОБСМ отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді.