Жекпе-жек • 24 Ақпан, 2022

Мария Агапова қарсыласын қалай жеңгісі келетінін айтты

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-де топқа түсіп жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова 5 наурыз күні украиналық Марина Морозға қарсы октагонға шығады. Қазақстандық спортшы аталмыш шайқасқа қатысты жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мария Агапова қарсыласын қалай жеңгісі келетінін айтты

«Кездесуді баяу бастап, уақыт өткен сайын қарқынды үдете отырып қарсыласымды титықтатқым келеді. Өйткені бастапқыда ол 100 пайыз дайын болады. Алайда уақыт өткен сайын әлсірей түсетіні түсінікті. Сол кезде бар күшімді пайдаланып, жекпе-жек қарқынын үдетемін. Ол әбден шаршаған кезде нокаутқа түсіргім келеді. Жалпы нокаут адамдар күтпеген жерде орын алып жатады ғой. Мен нокаут үшін шықпаймын. Үш раундқа дайындаламын. Ал нокаут белгілі бір уақытта өздігінен келеді. Бұл шайқаста солай болатындығына сенгім келеді», деді Мария Агапова өз ойымен бөлісіп.