Қазақстан • 24 Ақпан, 2022

ТҮРКСОЙ ұйымы «Олжас Сүлейменов» арт-альбомын басып шығарды

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда «ТҮРКСОЙ» ұйымы басып шығарған «Олжас Сүлейменов» арт-альбомының тұсаукесері өтті. Бұл туралы ҚР-ның халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ТҮРКСОЙ ұйымы «Олжас Сүлейменов» арт-альбомын басып шығарды

ТҮРКСОЙ атауы қазіргі таңда баршамызға мәлім. Бұл – түркі халқының мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамытуды көздейтін халықаралық ұйым. Қазақстан - бұл ұйымды құрушы мемлекеттердің бірі.

а

Аталмыш арт-альбом ақынның 85 жылдығына орай шығарылып отыр. Былтыр басылған кітап пандемияға байланысты биыл ғана таныстырылды. Альбомба Олжас Сүлейменовтің өлеңдерінен әсер алған түркі әлемі суретшілерінің туындылары бейнеленген. Бұған дейін ТҮРКСОЙ ұйымы дәл осындай Абай, Үш арыс, Шыңғыс Айтматов, Низами Гянджеви кітаптатарының да тұсауын кескен болатын.

ТҮРКСОЙ ұйымының басты мақсаты - түбі бір түркі елінің тарихына тереңірек үңілу. Халықаралық ұйым бұл міндетті абыроймен орындап келеді. Ұйым өткізіп келе жатқан айтулы шаралардың бәрінде түркі елінің бірлігі байқалып тұрады. Соңғы кездері ТҮРКСОЙ деген атау мен түркі бірлігі деген ұғым егіз тіркеске айналғандай. Сонымен қатар, ТҮРКСОЙ ұйымы рухты көтеретін, өнерді ынталандыратын шараларды жиі өткізіп тұрады.

Аяна Тоғанбек