Қазақстан • 24 Ақпан, 2022

«Дереу қауіпсіз орындарға жетіңіз» – Украинадағы Қазақстан елшілігі үндеу жасады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Елшілігі қақтығыс кезінде Украинада қалып қойған қазақстандықтар үшін жедел хабарлама таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дереу қауіпсіз орындарға жетіңіз» – Украинадағы Қазақстан елшілігі үндеу жасады

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Әскери қауіпке байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына жергілікті атқарушы органдардың нұсқауларын қатаң түрде орындауды, оның ішінде жақын маңдағы паналау орнына (бомба баспанасы, жерасты өткелі, жертөле, жерасты тұрағы, жерасты тоннель және т.б.) дереу жетуді ұсынамыз.

Қауіпті сәтте сіз тұрғын үй-жайда қалсаңыз, жарықтандыруды толығымен өшіріп, терезелерге жақындамаңыз және ең қауіпсіз орында болыңыз.

Ауыз су мен азық-түлікті алдын ала жинақтауға тырысыңыз», делінген ҚР Елшілігінің Telegram арнасындағы хабарламада.